Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 3-9 мамыр аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен жасөспірімдер арасында қол күрестен Азия чемпионатында мектебіміздің оқушысы Баймұхан Архат жүлделі 1-орынды қанжығасын байлап, «Азия чемпионы» атанды. Чемпионды мектеп әкімшілігі, ұстаздары, мектеп оқушылары қошеметтеп қарсы алды. Жеңісімен құттықтап, болашақта биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді. Архат, біз сенімен мақтанамыз! Чемпион! Жарайсың! 💪🏻

https://www.instagram.com/p/DJlO6LfKW7d/ толық бейнежазбаны көре аласыз!

Отан үшін от кешкен майдангер ата-бабаларымыздың ерліктеріне алғыс білдіру, ерліктерін насихаттау, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді жандандыру, Отанға деген құрметті сезіну. Шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау Департаментінің Маңғыстау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Жақсылық Сапархан Жақсылықұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау Департаментінің Маңғыстау облысы Мамандандырылған […]

А.ж. 7 мамыр күні «Ұлы Жеңістің» 80 жылдығына арналған іс-шара жоспарына сәйкес мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Аманжолқызы, 5 «А»сынып оқушылары, сынып жетекшісі А.Аманбердіқызы, тәлімгер А.Сейітжанқызы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау Департаментінің Маңғыстау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Жақсылық Сапархан Жақсылықұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін […]

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні мектебімізде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Мақсаты: оқушыларды зияткерлікке, шығармашылыққа, қабілеттілікке тербиелеу. Көшбасшылық және ұйымдастырушылық тұлғалық, қасиеттерін дамыту. Шараға мектеп парламенті, мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Оқушылар ант қабылдап, Жас Ұлан гимнін шырқады. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿“Жас Ұлан” ұйымы — бұл рухты […]

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыс жоспарына сәйкес, сәуір айының 28 күні 7 «Д» сыныбында «Арақ аздырса, темекі тоздырады» тақырыбында пікірталас өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамға байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауын түсіндіріп, тәрбиелеу. Адам денсаулығының маңызды екенін айта отырып, спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу, еңбек етудің […]

28.04.2025 жылы 3 “Е” сыныбында 1 мамыр “Қазақстан халықтарының бірлігі “ мен Қазақстан халқының ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлігі жарасқан ел» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылар арасында достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

А.ж. 14 сәуір күні 7 “В” сыныбында Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын-алу бойынша 2024-2025 оқу жылының сәуір айына арналған айлық жоспарына сәйкес, «Цифрлық мәдениет — желідегі сыйластық” тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың цифрлық сауаттылығын, әлеуметтік желідегі жауапкершілігін арттырып, буллинг және кибербуллингтің алдын алу.

А.ж. 14 сәуір күні 7 «Ғ» сыныбында «Нашақорлық қоғам дерті» тақырыбында пікірталас өткізілді. Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

2–4 сынып оқушылары арасында өткен бастауыш сынып олимпиадасының мектепішілік кезеңіне жалпы 46 оқушы қатысты. Нәтижесінде 11 оқушы жүлделі орынға ие болып, 3 оқушы қалалық кезеңге жолдама алды. 2-сынып оқушылары: Жарбол Бексұлтан Болатұлы — 2А сыныбы, І орын Сынып жетекшісі: Мадигулова Перуза Мылтыковна Жарылхасын Аймира Қайратқызы — 2А сыныбы, ІІ орын Сынып жетекшісі: Мадигулова Перуза Мылтыковна […]