Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыс жоспарына сәйкес, сәуір айының 28 күні 7 «Д» сыныбында «Арақ аздырса, темекі тоздырады» тақырыбында пікірталас өткізілді. Мақсаты: жас ұрпаққа болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамға байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауын түсіндіріп, тәрбиелеу. Адам денсаулығының маңызды екенін айта отырып, спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу, еңбек етудің пайдасы туралы оқушылармен пікірлесу.
Тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, талқыланды.

Сынып жетекшісі: М.Ераханова

https://www.instagram.com/p/DJMvLaPKGIt/?img_index=1 толық инстаграмм парақшамыздан қарай аласыз!!!