Отан үшін от кешкен майдангер ата-бабаларымыздың ерліктеріне алғыс білдіру, ерліктерін насихаттау, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді жандандыру, Отанға деген құрметті сезіну. Шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау Департаментінің Маңғыстау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Жақсылық Сапархан Жақсылықұлы,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау Департаментінің Маңғыстау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Егембердиев Қанат Әбдірахманұлы, мекеме қызметкерлері, ардагерлер, ДТІЖО Г.Аманжолқызы, мұғалімдер, оқушылар қатысты. Жеңіс күнімен қатар тәуелсіз Қазақстанның айбынды мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!
А.ж. 8 мамыр күні 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты мерекелік концерт өткізілді
