Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

1-сыныпқа қабылдау бойынша
ХАБАРЛАМА

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап, 2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады!
ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 -бұйрығына сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
1-сыныпқа осы жылы 6 жастағы және 6 жасқа толатын балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады.
Ата-ана алдын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады.
Қажетті құжаттар тізімі:
• ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші
• 052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
• 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
Өтінішті үй жағдайында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектепте орналасқан “Өзін-өзі қызмет көрсету” бұрыштарында тапсыруға болады.
@aktau.bilim_bolimi @mangystau_obl_bilim_baskarmasy