Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Құрметті ата-аналар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!
ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.

1-сыныпқа осы жылы 6 жастағы және 6 жасқа толатын балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл – мемлекеттік қызмет көрсету нысаны болып табылады.

Ата-ана адын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы арқылы өз өтініштерін тапсыра алады. Биылғы оқу жылында білім мекемесіне баланың даярлық деңгейіне қарамастан, мектеп маңында (шағын учаскеде) тұратын барлық бала қабылданады.