03.04.2024ж. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы білім бөлімінің «№30 жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханасында Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты» ұсынылған кітаптардың ішінен таңдап оқу,оқыған кітабынан мағұлмат беру, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында әлем әдебиеті жазушысы Йоханна Спиридің «Хайди» ертегісін 5 «З» сынып оқушысы Абілжанқызы Дильназ оқушыларға жарнамалап таныстырды.Бұл Швейцария тауларында атасымен бірге тұратын кішкентай қыздың өмірі туралы хикая.Мейірімді Хайди үнемі айналасына шуағын шашып жүреді, содан өзін бақытты сезінеді. Осылайша ол кішкентай оқырмандарды мейірбан, кеңпейілді болуға, адамгершілікке тәрбиелейді.